Балалармен саяхаттау

Саяхатыңыз жайлы болсын

Ұшақ бортында саяхаттау – бұл балалар үшін көбіне еліктіретін оқиға. Егер балалар саяхатқа жақсы дайындалса, онда ата-аналар да өздерін сенімді әрі жайлы сезіне алады. Ересектердің ертіп жүруінсіз саяхаттайтын балалар үшін ерекше қағидалар қолданылады.

Балаға арналған билет пен орын

2 жасқа толмаған сәбилер

Сіз сәбиіңізге билет сатып алуға тиісті емессіз. Бұл жағдайда әуетасымалдаушы жеке орын беруді қарастырмайды. Ұшу кезінде сәби ересек адамның тізесінде отыруы және арнайы белдік тағуы тиіс. Туылғанына 7 күн толмаған сәбилер үшін дәрігерден ұшуға рұқсат берген анықтамасы болуы тиіс.

2-ден 14 жасқа дейінгі балалар

Сіздің балаңыз барлық рейстерде қолданылатын арнайы балалар тарифі бойынша (және BEK AIR әуекомпаниясының қызмет көрсеткендігі үшін алым) жеке креслода саяхаттайды. Билетті Интернет арқылы рәсімдеген кезде, қызмет көрсеткендігі үшін алым мөлшері, әдетте, төмен болып келеді.