«Босаған орынға отырып ұшу» әуебилеті

Бек Эйр әуекомпаниясы «босаған орынға отырып ұшу» әуебилеті қолданылатын бағыттардың санын арттыруда. 2 ақпаннан бастап барлық әуекомпанияның рейстері тізімге енгізілген.


«Босаған орынға отырып ұшу» әуебилеті бойынша билеттердің бағасы әуекомпаниясының қалыпты жарияланған тарифтерінің бағасынан анағұрлым төмен. Тарифтың мұндай түрі жолаушы мен қолжүгін ұшақта рейстің тура алдында бос орын болған жағдайда тасымалдау мүмкіндігін ескереді.


«Босаған орынға отырып ұшу» әуебилеті бойынша ресімделген авибилеттері бар жолаушылар рейске мәртебесі расталған және күту парағының мәртебесіне ие жолаушылардың барлығы тіркелгеннен кейін ғана, ұшақтың салонында бос орындар болған жағдайда ғана, экономикалық қызмет көрсету класында ұша алады. Жолаушылар әуежайға рейске тіркелу аяқталған сәтке дейін келіп және әуекомпаниясының өкіліне немесе тіркелу тұғырына жолығуы тиіс.


«Босаған орынға отырып ұшу» әуебилетінің ақысын қолма-қол ақшалай түрде немесе пластик картамен төлеуге болады. 


«Босаған орынға отырып ұшу» тарифы бойынша әуебилетті Бек Эйр әуекомпаниясының немесе уәкілетті агенттің билет сату кеңселерінде рейстің ұшып шығуына дейін кем дегенде 24 сағат бұрын ресімдеуге болады.


Егер жолаушы авибилетте көрсетілген рейс пен күні ұшып кетпеген болса, ұшып шығу күнін қосымша төлемсіз ұшып шығу күнінен бастап бір ай бойы кейінірек күнге өзгертуге болады.