Жолаушыларды сақтандыру

Bek Air әуекомпаниясы ұшу кезіне арналған қажетті сақтандыру полисін сатып алуды ұсынады.
Бұл қызмет халықаралық және ішкі рейстерде сапар шегетін Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын тұлғаларға арналған.
Сақтандыру полистерінің екі түрін сіздердің назарларыңызға ұсынамыз.

Ұшудағы "Базалық қорғаныс" жиынтығы

"Сентрас Иншуранс" СК жолаушыларды ерікті кешенді сақтандыруы қамтамасыз етеді:

  1. Ұшу кезіндегі жазатайым оқиғалардан сақтандыру

Сақтандыру жағдайы дегеніміз Сақтандырылушының денсаулығы мен өміріне жазатайым оқиға нәтижесінде келетін зиян, атап айтқанда:

  • сынық, жабық бас сүйек-ми жарақаты, буынның шығып кетуі;
  • улы жәндіктер мен жануарлардың шағып, тістеп алуы;
  • тері қабаттары мен тыныс алу жолдарының күйігі;
  • үсік шалу;
  • шок және әртүрлі этиологиясы;
  • I, II, III топ мүгедектігінің анықталуы;
  • жазатайым оқиға салдарынан қайтыс болу.

Сақтандыру қорғауының қолдану мерзімі әуе билетінде көрсетілген жөнелту уақытынан кемінде 3 сағат бұрын басталады және барлық жүру жолы бойы жарамды болып саналады, қайта отырғызу пункттерін (6 сағаттан артық болмайтын) қоса алғанда, Сақтандырылушы баратын жердегі соңғы әуежайға жеткеннен кейін 3 сағат өткен соң, бірақ сақтандыру Шартының қолданылу мерзімі аяқталатын уақыттан кешіктірілмей жарамдылығы тоқтатылады.

Сақтандыру Шартының қолданылуы таратылатын аумақ:

  • жүру маршруты, жолаушы жөнелетін әуежай (әуеайлаққа);
  • жөнелтілгенге дейін және келгеннен кейінгі әуежай;
  • әуе кемесі.

Сақтандыру сомасы 1 000 000 теңге.

Оқиға сақтандыру жағдайы болып танылатын болса Сақтандырушы сақтандыру төлемін мынадай мөлшерде жүзеге асырады:

  • сынық, жабық бас сүйек-ми жарақаты, буынның шығуы кезінде – сақтандыру сомасының 10%;
  • улы жәндіктер мен жануарлар шаққанда, тістегенде - сақтандыру сомасының 5%;
  • тері қабаттарының 2-дәрежелі күйігі және дененің жалпы ауданының 9% зақымданса, сондай-ақ 3 немесе 4 дәрежелі күйік болса, тыныс алу жолдарының 1-3 дәрежелі күйігі болса -сақтандыру сомасының 7%;
  • 2-дәрежелі үсік шалса және дененің жалпы ауданының 9% зақымданса, сондай-ақ 3 немесе 4 дәрежелі үсік шалу анықталса - сақтандыру сомасының 5%;
  • шок кезінде (жарақаттық, гиповолемикалық, қанның көп жоғалуы салдарынан болса, анафилактикалық болса)– сақтандыру сомасының 5%;
  • I топ мүгедектігін белгілеу кезіндегі - сақтандыру сомасының 100%;
  • II топ мүгедектігін белгілеу кезіндегі – 70 % сақтандыру сомасының,
  • III топ мүгедектігін белгілеу кезіндегі – 30% - сақтандыру сомасы;
  • қайтыс болған кезде - сақтандыру сомасының 100%.

Сақтандыру төлемін алу үшін төмендегі құжаттардың қоса тіркелуі тиіс:

  • сақтандыру полисі;
  • Сақтандырылған тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат;
  • көлік ұйымы ресімдейтін жазатайым оқиға туралы акт (құжат), не болмаса сот-тергеу немесе өзге де органдарының (болған жағдайда) құжаттары;
  • Сақтандырылған тұлғаға көрсетілген көмекті растайтын медициналық құжаттар, медициналық көмек көрсетілген уақыттың жазылуы тиіс;
  • мүгедектік берілген жағдайда - белгіленген үлгідегі мүгедектік туралы куәлік;
  • Сақтандырылған адам қайтыс болған жағдайда - қайтыс болғаны туралы куәліктің нотариус арқылы куәландырылған көшірмесі мен түпнұсқалары немесе Пайда алушының сақтандыру төлемін алуға құқығын растайтын құжаттардың нотариус арқылы куәландырылған көшірмелері.

  • тіркеу туралы белгісі бар отырғызу талоны;
  • Сақтандырылған тұлғаның әуе сапары кешіктірілген уақыттан бастап нақты ұшқан уақытқа дейінгі аралыққа сай келетін кезеңде тамақтану және тұру қызметтеріне төлеген қаражатының түбіртектері.
  1. Жүктің жоғалуынан сақтандыру

Сақтандыру жағдайы дегеніміз Сақтандырылған тұлғаның тіркелген жүгін тасымалдаушының сақтандыру қорғанысы кезеңі ішінде жоғалтқандығының құжат жүзінде расталған айғағы.

Сақтандыру қорғанысы әуе тасымалдаушы Сақтандырылған тұлғаның жүгін қабылдаған уақыттан бастап әрекет етеді және жүкті тасымалдаушы Сақтандырылған тұлғаға берілгенге дейін қолданылады, келісім-шартта көрсетілген сақтандыру бағыты бойынша қолданылады және билетті сатып алу барысында берілетін тиісті бронь нөміріне сай келеді.

Сақтандыру сомасы 100 000 теңге.

Сақтандырушы Сақтанушыға жүктің жоғалған салмағының әрбір келісі үшін  көлемінде (5000 теңге) залал шығынын өтейді.

Сақтандыру төлемін алу үшін төмендегі құжаттардың қоса тіркелуі тиіс:

  • сақтандыру полисі;
  • Сақтандырылған тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат;
  • жүруге берілген жол құжатының көшірмесі (отырғызу талонының) жүкті қабылдау туралы түбіртектерімен бірге;
  • әуе тасымалдаушысы ресәмдейтін жүктің жоғалуы туралы актінің (құжаттың) түпнұсқасы. 

Ұшудағы "Кеңейтілген қорғаныс" жиынтығы

  1. Рейс кешіктірілген жағдайда болатын тосын шығыстардан сақтандыру

Сақтандыру жағдайы дегеніміз Сақтанушыда сақтандыру Келісім-шартының қолданыс мерзімі ішінде рейстің төмендегі себептер бойынша екі сағаттан астам уақытқа кешіктірілуі салдарынан кұтпеген шығыстардың орын алуы:

  • қолайсыз ауа-райы жағдайлары;
  • мемлекеттік органдардың талаптары (көші-қон қызметінің, ведомстволар мен терроризмге қарсы күрес жөніндегі қызметтің, кеден қызметтің, шекаралық бақылау және т. б.);
  • әуе кемелерінің механикалық немесе техникалық бұзылуы, болмаса әуе кмопанисының кінәсі салдарынан орын алатын өзге де жағдайлар.

Сақтандыру қорғанысының әрекеті ауе билетінде көрсетілген ұшып шығу уақытынан басталады және Сақтандырылған тұлғаның нақты ұшып келген уақытына дейін жарамды болып саналады.

Сақтандыру қорғанысы әуе билетінде көрсетілген барлық бағыттар бойынша жарамды және тиісті бронь нөміріне сай болуы шарт.

Сақтандыру сомасы 150 000 теңге.

Сақтандыру оқиғасы орын алған жағдайда іс жүзінде орын алған шығынның құжат арқылы расталған сомасын өтейді, бірақ өтем сомасы сақтандыру сомасының мөлшерінен артық емес.

Сақтандыру төлемін алу үшін төмендегі құжаттардың қоса тіркелуі тиіс:

  • сақтандыру полисі;
  • Сақтандырылған тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат;
  • тіркеу туралы белгісі бар отырғызу талоны;
  • Сақтандырылған тұлғаның әуе сапары кешіктірілген уақыттан бастап нақты ұшқан уақытқа дейінгі аралыққа сай келетін кезеңде тамақтану және тұру қызметтеріне төлеген қаражатының түбіртектері.
  1. Сапардан мәжбүрлі түрде бас тартудан сақтандыру

Сақтандыру жағдайы дегеніміз Сақтандырылған тұлғада сақтандыру Келісім-шартының қолданыстағы мерзімі ішінде төмендегі себептерге байланысты сапардан мәжбүрлі түрде бас тартуы салдарынан жол жүру құжатының құны мөлшеріне тең шығынның орын алуы.

  • Сақтандырылған тұлғаның өзінің немесе оның жақындарының (жұбайының (зайыбының) сапар басталғанға дейін кенеттен ауыруы стационарда емделуді талап ететін болса (ал егер Сақтандырылған тұлғаның стационарлық емнен шығуы туралы рұқсат қағазы сапар басталғанға дейін берілген кезде - ұшуға тыйым салынған болса), стационардан ем алу қажеттілігі ұшуға кемінде он күн қалғанда анықталатын болса;
  • Сақтандырылған тұлғаның меншікті иелігіндегі жылжымайтын мүлікке табиғи апат, өрт, жарылыс, су тасқыны салдарынан зақым келсе, су құбыры, кәріз, жылу немесе өртке қарсы жүйелердің апаты, көрші үй-жайлардын судың жайылуы, үшінші тұлғалардың құқыққа қарсы әрекеттері құжаттамалық негізде расталған жағдайда, егер мұндай залалдың келтірілуі Сақтандырылған тұлғаның объективті түрде кедергі жасайтын болса және ұшуға кемінде он күн қалғанда орын алатын болса.
  • Сақтандырылған тұлға сақтандыру Келісім-шартын жасағаннан кейін құжатын уақытында тапсырғанына қарамастан виза алмаған болса.

Сақтандыру қорғанысының әрекеті сақтандыру Келісім-шарты күшіне енген уаөыттан басталады және жолаушыларды тасымалдау басталғанға дейін қолданыста болады.

Сақтандыру қорғанысы тек қана жол жүру билетін сатып алу барысында берілетін нөмірі сай келетін бронь бойынша ресімделетін жол жұру құжатына беріледі.

Сақтандыру сомасы 200 000 теңге.

Сақтандырушы  жол жүру билетінің құны мөлшерінде залалды өтейді, бірақ сақтандыру сомасының мөлшерінен артық емес.

Егер Сақтандырылған тұлғаға тасымалдаушы жол жүру билетінің құнының белгілі бөлігін қайтарға болса, Сақтандырушы Сақтандырылған тұлғаға төленген сома мен әуе компаниясы беретін өтемақы арасындағы айырмашылықты өтейді.

Сақтандыру төлемін алу үшін төмендегі құжаттардың қоса тіркелуі тиіс:

  • сақтандыру полисі;
  • Сақтандырылған тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат;
  • жол жүру билеті (көшірмесі);
  • Сақтандырылған тұлғаның ауыр науқастануы немесе жарақаттануы салдарынан сапарға шы,у мүмкін болмаған жағдайда - емдеу-профилактикалық мекемесінің (ЕПМ) мөрі соғылған және бас дәрігерінің қолы қойылған емделу парағынынан үзінді-көшірме (егер стационарлық ем алған болса); ЕПМ клиникалық-сараптау комиссиясының немесе дәрігерлік комиссиясының (емдеуші дәрігер, басшы) қорытындысы көрсетілген медициналық картасынан көшірме, ЕПМ мөрі соғылған, көрсетілген уақытта Сақтандырылған тұлғаның жоспарлаған сапарға ұшуының денсаулыққа қауіпті екендігі ескертілген, мерзімдері мен себептері көрсетілген, ЕПМ мөрімен расталған және бас дәрігердің қолы қойылған анықтама;
  • Сақтандырылған тұлғаның жақын туысына күтімнің қажет болуы салдарынан сапарға шығу мүмкін болмаған жағдайда – жұмыс беруші куәландырған еңбекке жарамсыздығы туралы анықтаманың көшірмесі және кемдеу-профилактикалық мекемесінің (ЕПМ) мөрі соғылған және бас дәрігерінің (ЕПМ) қолы қойылған, Сақтандырылған тұлғаның туысына қандай уақыт аралығында арнайы біліктілікті талап ететін көмектің мерзімі көрсетілген анықтама, сондай-ақ ауырып қалған тұлға мен Сақтандырылған тұлғаның туыстығын растайтын құжаттардың көшірмесі; ал Сақтандырылған тұлғаның меншікті иелігіндегі жылжымайтын мүлік жойылаған немесе бүлінген жағдайда: ішкі істер органдарының, ТЖМ, өрт қадағалау немесе эксплуатациялық және апаттық қызметінің орын алған оқиғаның уақыты мен орнын растайтын актілері немесе анықтамасы.
  1. Жүктің жоғалуынан сақтандыру

Сақтандыру жағдайы дегеніміз Сақтандырылған тұлғаның тіркелген жүгін тасымалдаушының сақтандыру қорғанысы кезеңі ішінде жоғалтқандығының құжат жүзінде расталған айғағы.

Сақтандыру қорғанысы әуе тасымалдаушы Сақтандырылған тұлғаның жүгін қабылдаған уақыттан бастап әрекет етеді және жүкті тасымалдаушы Сақтандырылған тұлғаға берілгенге дейін қолданылады, келісім-шартта көрсетілген сақтандыру бағыты бойынша қолданылады және билетті сатып алу барысында берілетін тиісті бронь нөміріне сай келеді.

Сақтандыру сомасы 100 000 теңге.

Сақтандырушы Сақтанушыға жүктің жоғалған салмағының әрбір келісі үшін  көлемінде 15$ (5000 теңге) залал шығынын өтейді.