Топтық тасымалдау

Групповые перевозки (KZ)

Тарифтың түрі

GOW/GRT

Ұшу реті

Ұшу купондарына сәйкес. Ұшу купондарын қолданудың ретін бұзған жағдайда оларды қайтаруға тыйым салынады.

Ең ұзақ болу мерзімі

1 ай

Тіркелу аяқталған сәтке дейін (рейс ұшып шыққан сәтке дейінгі 40 минуттан артық уақыт) бағытты өзгерту (Rerouting)

Рұқсат етілмейді.

Ресімделген билетте көрсетілген рейстің жөнелтілу уақытына дейін ерікті түрде өзгерту

45 күннен кем уақыт бұрын – тарифтің 10%-ы
30 күннен кем уақыт бұрын - тарифтің 20%-ы

Ресімделген билетте көрсетілген рейстің жөнелтілу уақытынан кейін ерікті түрде өзгерту

Рұқсат етілмейді.

Жартылай қолданылған авибилетті ресімделген билетте көрсетілген рейстің жөнелтілу уақытына дейін өз еркімен қайтарып беру

Рұқсат етілмейді. Пайдаланылмаған телімдер бойынша UJ әуежай алымдары, YQ мен YR алымдары қайтаруға жатпайды.

Жартылай қолданылған авибилетті ресімделген билетте көрсетілген рейстің жөнелтілу уақытынан кейін өз еркімен қайтарып беру

Рұқсат етілмейді. Пайдаланылмаған телімдер бойынша UJ әуежай алымдары, YQ мен YR алымдары қайтаруға жатпайды.

Қолданылмаған авиабилетті ресімделген билетте көрсетілген рейстің жөнелтілу уақытына дейін өз еркімен қайтарып беру

45 күннен кем уақыт бұрын - тарифтің 20%-ы
30 күннен кем уақыт бұрын - тарифтің 30%-ы
15 күннен кем уақыт бұрын - тарифтің 40%-ы
7 күннен кем уақыт бұрын - тарифтің 50%-ы

Қолданылмаған авиабилетті ресімделген билетте көрсетілген рейстің жөнелтілу уақытынан кейін өз еркімен қайтарып беру

Рұқсат етілмейді. Пайдаланылмаған телімдер бойынша UJ әуежай алымдары, YQ мен YR алымдары қайтаруға жатпайды.

Рейске келмеу (No-Show) (рейс ұшып шыққан сәтке дейінгі 40 минуттан кем уақыт)

Рұқсат етілмейді.

Жолаушының есімін/тегін өзгерту

Ұшу басталардан кем дегенде 24 сағат бұрын және әуебилеттер жазып берілгеннен кейін әр он жолаушының арасынан екі есімді тегін өзгертуге рұқсат етіледі.

Құжаттарды енгізу

Тасымалдаушы тиісті мемлекеттік және басқа да құзырлы органдармен берілген, тасымалдауға арнап ұсынылған құжаттардың шүбәсіздігі мен дұрыстығы үшін, сонымен қатар құжаттардың күшін сақтау мерзімі үшін жауапкершілікте болмайды.

Топтық тарифті қолдану бойынша шектеулер

Топтық тарифті жекедара сату әуекомпанияның ережелерін бұзушылық деп бағаланады, ол нетто тарифтің 50%-ы көлемінде айыппұл тудырады.

Әуебилетті броньдау мен ресімдеу кезінде жолаушының мәртебесі CHD (бала) балаларға арналған (2-14 жас аралығы) жеңілдіктің мөлшеріне байланыссыз түрде енгізілуі тиіс.

Топты тек бүкіл топқа арнап бір мезгілде қайта броньдауға рұқсат етіледі. Топ мүшелерін жекедара түрде қайта броньдауға (бөлуге) рұқсат етілмейді.

Сомаларды өз еркімен қайтару тек егер топтағы қалған жолаушылардың саны топтағы жолаушылардың қажет етілетін санынан кем болмаса ғана жүзеге асырылады.

Егер топтағы қалған жолаушылардың саны топтағы жолаушылардың қажет етілетін санынан кем болса, онда сомалар қайтарылмайды.

Қолжүгін тегін тасымалдау нормасы (2 жасқа дейінгі балаға қолданылмайды)

Салмағы 15 кг дейінгі 1 жолжүк орны +  салмағы 5 кг-нан аспайтын 1 қолжүк орны.