Үй жануарларын алып ұшу

Жайлы тасымалдау

Біздің рейстерімізде Сіздің жануарыңыз кез келген бағытта Өзіңізбен бірге ұша алады. Біз ұшақ салонында жануарларды сенімді әрі жайлы тасымалдаймыз. Тасымалды алдын ала брондап, қажетті жол жүру құжаттарын дайындап қойыңыз.

Құжаттар мен қағидалар

Жануарларды әуе көлігімен тасымалдау ҚР-да қолданылатын заңдармен реттеледі. Сондықтан тасымалды алдын ала брондап қойыңыз, Өзіңіздің үй жануарыңыздың түпнұсқа құжаттарын ұсыныңыз. Оларға тасымалдауға рұқсатнама, ветеринарлық анықтама және вакцинациялау туралы анықтама жатады. Біздің сервис-орталығымыз брондауға көмектеседі және барлық сұрақтарға жауап береді.