Тасымалдау ережелері

Қолжүгін әуе кемесінің салонында (кабинада) өзімен бірге алып жүру нормалары

Кабинаға қойылатын қолжүгі – жолаушының қолжүгін тасымалдаудың белгіленген нормасынан тысқары болып келетін, әуе кемесінің салонына қойып тасымалдауға арнап рұқсат етілген және "КАБИНАҒА" затбелгісі жапсырылған қолжүгі. Мұндай қолжүгінің сақталуы үшін жаупкершілік жолаушының өзіне жүктеледі.

  • "КАБИНАҒА" деген белгісі бар қолжүгін өзімен бірге алып жүру нормалары: 

XXS

XS

S

M

L

XL

F

V/O/W/X

R/T/U/E/S

L/Q/M/B/K

Y/I/H

N/P/Z

1 орын

1 орын

1 орын

1 орын

1 орын

1 орын

5 кг

5 кг

6 кг

7 кг

8 кг

10 кг

Ең үлкен өлшем 55 x 40 x 23 см (үш өлшемнің жиынтық шамасы 115 см-ден аспайды)

 

2) Рұқсат етілген "КАБИНАҒА" қолжүгіне қосымша түрде жолаушы әуе көлігінің салонында белгіленген нормадан тыс төлемсіз түрде келесі заттарды алып жүре алады (аталған заттар таразыға салуға тапсырылмайды, ресімдеуге жатпайды және оларға затбелгі жапсырылмайды):

  • әйелдер сөмкесі/еркектердің портфелі/қағаздарға арналған қапшық
  • қолшатыр
  • таяқ / балдақ
  • сырт киім
  • шағын компьютер, фотоаппарат, бейнекамера
  • ұшу кезінде оқитын баспасөз басылымдары
  • ұшу кезіндегі баланың тағамы

Егер мұндай қолжүгі тегін тасымалданатын нормадан асып кеткен болса, оның ақысы төленеді:

Әуе көлігінің салонындағы қосымша қолжүгі

Категория

Тасымалдау нормалары

Тасымалдау тарифі

Картина

Екі жиынтық өлшемі 145 см-ден аспайтын

10000 ₸

Жеміс салынған себет

Үш жиынтық өлшемі 145 см-ден аспайтын

6000 ₸

Гүл шоғы

Үш жиынтық өлшемі 145 см-ден аспайтын

6000 ₸

Музыкалық аспап

Үш жиынтық өлшемі 145 см-ден аспайтын

6000 ₸

Торт

Екі жиынтық өлшемі 145 см-ден аспайтын

6000 ₸

Дыбыстық және бейнеаппаратура

Екі жиынтық өлшемі 145 см-ден аспайтын

6000 ₸

 

Назар аударыңыз!

Жолаушыдан оның қолжүгін ӘК салонында тасымалдау үшін тиісті тарифтер мен алымдар билет сатылған кезде тасымалдау басталмай тұрып немесе қолжүгін ұшу әуежайында ресімдеу кезінде алынады.

Әуе көлігінің бортынан орын таңдау

«BEKAIR» әуекомпаниясы 01.05.2017 ж. бастап жолаушыларға ұшуға дейін кем дегенде 24 сағат бұрын EMD-A желісінде ресімдеумен "ОРЫН ТАҢДАУ" қосымша қызметін алу мүмкіндігін ұсынады.

"ОРЫН ТАҢДАУ" қызметінің бағасы броньдау класына байланысты. Сіздің қызметті броньдау үшін төменде көрсетілген тарифтерді пайдалануыңызды сұраймыз:

 

XXS

XS

S

M

L

XL

Броньдау класы

F

V/O/W/X

R/T/U/E/S

L/Q/M/B/K

Y/I/H

N/P/Z

Тариф

10000 ₸

5000 ₸

4000 ₸

3000 ₸

2000 ₸

1000 ₸

"ОРЫН ТАҢДАУ" қызметінің бағасы қызметтің бағасының 50% жеңілдіксіз қолданылады.

 

Жалғыз жүрген жолаушы балалар авиакомпанияның тікелей мерзімді рейстерімен ғана (алғашқы қону бекетіне дейін) тасымалданады. Жалғыз жүрген жолаушы балалар ретінде 6 және 14 жас аралығындағы балалар тек Қазақстан Республикасының ішіндегі ұшулар кезінде тасымалданады.

Ата-аналардың немесе қамқоршылардың қалауы бойынша жалғыз жүрген жолаушы балаларды тасымалдау қызметі 16 жасқа дейінгі балаларға да арнап қолданылып отыруы мүмкін. Жалғыз жүрген жолаушы баланың жасы ұшу әуежайынан тасымалдау басталған күніне қарсы анықталады.

Жалғыз жүрген жолаушы бала авиакомпанияның рейстерінде тасымалдауға арнап авиакомпанияның расталған броньдау құжаты мен жалғыз жүрген жолаушы баланы тасымалдау туралы ресімделген Өтініш болған жағдайда және онда тасымалдау үшін қажетті деректердің барлығы көрсетілген жағдайда ғана қабылданады.

Жалғыз жүрген жолаушы баланы тасымалдау туралы өтінішті ата-анасы, қамқоршысы авиакомпанияның меншікті сату кеңселерінде, авиакомпаниямен тікелей келісімшарты бар агенттіктерде, немесе авиакомпанияның өкілдіктерінде баланы тасымалдау билетін сатып алу кезінде төрт данада толтырады. Бұл қызметті Авиакомпания әуе кемесі ұшып шыққан күннен кем дегенде 3 тәулік бұрын растайды.

Жалғыз жүрген жолаушы бала өздерінде авиакомпанияның өкілдері немесе авиакомпанияның уәкілетті агенттері бар әуежайларға ғана тасымалданады.

Жалғыз жүрген жолаушы баланы ішкі рейстерде келесі құжаттар болған жағдайда ғана тасымалдауға жол беріледі:

  • Авиабилет;
  • Жеке басын куәландыратын құжат (14 жасқа дейінгі балалардың туылуы туралы куәлігі, 14 жастан асқан балалардың төлқұжаты);
  • Жалғыз жүрген жолаушы баланы тасымалдау туралы өтініш;
  • Баланың денсаулық күйі туралы медициналық анықтама (қажетіне қарай);

Жолаушы РС жүйесі бойынша ресімделген, тіркелген қолжүгін қандай да бір қосымша төлемсіз өзімен бірге алып жүруге құқылы. 

Тасымалдаушының рейстеріндегі қолжүгін тегін тасымалдау нормасы броньдау класы мен жолаушының категориясына сәйкес, қолданылған тарифтің ережелерімен анықталады: 

 

XXS

XS

S

M

L

XL

Броньдау класы

F

V/O/W/X

R/T/U/E/S

L/Q/M/B/K

Y/I/H

N/P/Z

Қолжүгін тегін тасымалдаудың рұқсат етілген нормасы

1 орын 10 кг

1 орын 15 кг

1 орын 23 кг

1 орын 25 кг

1 орын 28 кг

1 орын 32 кг

Ең үлкен өлшем 55 x 40 x 23 см (үш өлшемнің жиыны 158 см-ден аспауы тиіс)

 Қолжүгін тегін тасымалдау нормасына төмендегілер ЖАТПАЙДЫ:

  • Габаритсіз қолжүгі / салмағы ауыр қолжүгі;
  • салмағы 10 кг-нан асатын теледидарлар, магнитофондар, радиоқабылдағышиап, фото және бейнеаппаратура, тұрмыстық техника, оргтехника, бақылау-касса аппараттары;
  • жалпы салмағы 5 кг-нан асатын гүлдер, өсімдіктердің көшеттері, тағамдық көкшөп, кептірілген өсімдіктер, ағаштардың бұталары, бұташықтар;
  • бөлме жануарлары (құстар)
  • қапқа немесе қаптамаға салынған велосипедтер (рейсте екеуден артық болмауы тиіс).

Қолжүгін тегін тасымалдау нормасы бірнеше категориялар бойынша асырылған жағдайда жалпы қолжүгі тарифі ретінде нормадан тыс қолжүгі үшін тиісті тарифтердің жиынтық сомасы қолданылады.

Нормадан тыс қолжүгі тасымалдауға Авиакомпаниямен алдын-ала келісім бойынша қабылданады. Габаритсіз және салмағы ауыр қолжүгін тасымалдау ақысы жолаушының қолжүгі ретінде тасымалданатын басқа заттарына байланыссыз түрде белгіленген қолжүгі тариытері бойынша нақты салмағына негізделумен төленеді.

Габаритсіз қолжүгі әуе кемесінің жүк тиеу люктері мен қолжүгі-жүк қою бөліктерінің өлшемдері габаритсіз жүкті әуе көлігіне (әуе көлігінен) тиеуге (түсіріп алуға) және оны әуе көлігінің бортында орналастыруға мүмкіндік береді деген шартпен ғана тасымалдауға қабылданады. Мұндай қолжүгінің оны көтеріп жүруге арналған тұтқалары және оны әуе кемесіне, әуе кемесінен және әуе кемесінің бортында көтеріп жүру кезінде бекітуге арналған айлабұйымы болуы тиіс.

Бөлме жануарларын (құстарды) тасымалдау броньдауды ресімдеу кезінде немесе жолаушы билетін сатып алған кезде, алайда рейстің ұшып шығу уақытына дейін кем дегенде 24 сағат бұрын алдын-ала келісіп алу арқылы, ұшақтың салонында тіркелген қолжүгі ретінде жүзеге асырылады.

Бөлме жануарларын (құстарды) ұшақтың салонында тасымалдау мұндай тасымалдауды «BEK AIR» авиакомпаниясы броньдау жүйесінде алдын-ала растаған жағдайда және жануарды ересек жолаушы тасымалдайды деген шартпен жүзеге асырылады. Жануарлар контейнерлерде (торларда) болуы тиіс. Контейнердің (тордың) оның ішіндегі жануармен бірге алғандағы салмағы 8 кг-нан аспауы тиіс. Контейнердің (тордың) үш өлшемінің (ұзындығы/биіктігі/ені) жиынтығы 115 см-ден аспауы тиіс.

Қолжүгін тегін тасымалдау нормасы бөлме жануарларын (құстарын) тасымалдауға тарамайды. Бөлме жануарларын (құстарын) тасымалдау ақысы бір жануардың контейнермен (тормен) бірге алғандағы орнына негізделумен нормативтен тыс қолжүгінің тарифтері бойынша төленеді:

Спорттық керек-жарақ

Категория

Тасымалдау нормалары

Тасымалдау тарифі

ӘК салонындағы торымен бірге алғандағы бөлме жануары (құсы)

Әуе көлігінің салонында тасымалдау кезінде контейнердің оның ішіндегі жануардың (жануарлардың) салмағымен бірге алғандағы салмағы  8 кг-нан аспауы тиіс, өлшемі үш өлшемінің (ұзындығы/биіктігі/ені) жиынтығы бойынша 115 см-ден аспауы тиіс (ұзындығы 55 см-ден, ені 40 см-ден, биіктігі 20 см-ден аспауы тиіс)

6400 ₸

ӘК қолжүк бөлігіндегі бөлме жануары (құсы)

Тыйым салынады

-

Назар аударыңыз!

Бөлме жануарын (құсты) әуе көлігімен тасымалдайтын жолаушының ветеринария саласындағы құзырлы органдармен берілген бөлме жануарының (құстың) денсаулығы туралы жарамды құжаттары, сондай-ақ халықаралық тасымалдау кезінде ұшып өту немесе транзит елдерімен талап етілетін  басқа да құжаттары болып және ол аталған құжаттарды жолаушы билетін тіркеу кезінде ұсынуы тиіс.

Авиакомпания келесі деректерді ұсынады:

  • Жолаушының іс-жүзіндегі ұшу жолы туралы ақпаратты растайтын құжаттар (ұшу фактісі, ұшу құны, экономикалық қызмет көрсету класының базалық тарифінің құны, нормадан тыс қолжүгін тасымалдау құны және т.б.) ұшқан тұлғаға немесе өзінің кәмелетке толмаған баласы ұшқан тұлғаға ғана (бұл жағдайда өтінішке баланың туылуы туралы куәлік/төлқұжат қоса тіркелуі тиіс), немесе өзінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген түрде ресімделген сенімхатпен расталған уәкілеттіктері бар тұлғаға ғана берілуі мүмкін;
  • Ақпараттық сипаттағы құжаттар (орындардың болуының растамасы, кешігетіні туралы ақпарат және т.б.) кез келген тұлғаға ұсынылуы мүмкін.

Авиакомпания келесі деректерді ұсынбайды:

  • өзге Авиакомпаниямен жүзеге асырылған тасымалдаудың бағасы туралы;
  • сатып алынған билетте көрсетілмеген бекеттердің арасындағы тасымалдау құны туралы;
  • рейстің кешігу себептерінің мән-жайы туралы;
  • үшінші тұлғаларға қатысты дербес мәліметтер бөгде тұлғаға, сонымен бірге күйеуіне, әйеліне, басқа туысына немесе бөгде ұйымға ұсынылмайды.

Анықтаманы алу тәртібі:

  1. Жолаушы өтінішті толтырады

Құжаттардың толық жиынтығын (жолаушының өтінішін, төлем туралы түбіртек, жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері, туыстығын растайтын құжаттардың көшірмелері) авиакомпанияның атына кез келген ыңғайлы әдіспен ұсыну қажет:

     * пошта арқылы келесі мекенжай бойынша: 050039, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Ахметов көшесі, 8А,

     * Кімге: Call center (анықтама беру)

     * электронды пошта мекенжайына: ; (сканерленген құжаттар)

     * Келесі мекенжай бойынша тікелей кеңседе беру: 050039, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Ахметов көшесі, 8А, жұмыс күндері сағат 12-00 бастап 17-00 дейін.

  1. Анықтаманы дайындау мерзімі құжаттардың толық жиынтығы алынған күннен бастап 15 жұмыс күні.
  2. Құжаттардың толық жиынтығы болмаған жағдайда анықтама дайындалмайды.
  3. Анықтамалар өтініште көрсетілген алу әдісіне сәйкес беріледі:

     * авиакомпанияның кеңсесінде

     * электронды пошта

     * басқасы

Тіркелмеген қолжүгі (бұдан әрі - қолжүгі) – жолаушының өзінің жауапкершілігімен және бақылауымен тасымалданатын оның жеке заттары.

Қолжүгі нөмірі жоқ қолжүгі затбелгісімен таңбаланады және әуе кемесінің салонында жолаушымен бірге тасымалданады.

"Қолжүгі" затбелгісі тіркелмеген қолжүгін әуе кемесінің салонында немесе әуе кемесінің қолжүк қойылатын бөлімшесінде тасымалдау құқығын беретін құжат болып табылады.

Қолжүгі ретінде авиациялық қауіпсіздік шарттары бойынша әуе көлігімен тасымалдауға тыйым салынған бұйымдар мен заттарды тасымалдауға тыйым салынады.

Қолжүгінің бір орнының өлшемі үш өлшемнің жиынтығы (55см*40см*20см) бойынша 115 см-ден аспауы тиіс.

Қолжүгі жолаушы креслосының астына немесе жолаушы креслосының жоғарғы жағына, қолжүгі немесе сырт киім қойылатын сөреге емін-еркін сиятындай болуы тиіс.

Авиабилеттерді медициналық анықтама бойынша мәжбүрлі түрде қайтарған жағдайда жолаушы (авиаагент) келесі талаптарға сай сол анықтаманың түпнұсқасына ғана ұсынуға міндетті:

  • Анықтамада оны берген мекеменің анық және оқылатындай лицензияландырылған атауының болуы.
  • Сол мекеменің деректемелерінің болуы.
  • Анықтаманы берген тұлғаның анық оқылатын лауазымы мен тегі.
  • Құжатта дәрігердің жеке мөрі мен қолтаңбасының болуы.
  • Аталған медициналық құжатты берген мекеменің бөлімше меңгерушісінің, немесе бас дәрігерінің толық тегі қоса көрсетілген қолтаңбасының болуы. 
  • Анықтаманы берген мекеменің мөрінің болуы.
  • Анықтамада көрсетілген науқастану күндерінің тасымалдау күндеріне сәйкес келуі.
  • Анықтамада дәрігердің жолаушының ауруына сәйкес тасымалдау күндері ұшуға қарсы көрсетілімдері болуы мүмкін. 
  • Құжатта өзінде аурудың/жарақаттың атауы көрсетілуі тиіс немесе ауру ретінде көрсетілетін диагноздың болуы.

Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары аумақтарда берілген анықтамаларға аталмыш құжаттың нотариалды тәртіппен куәландырылған орыс/қазақ тілдеріндегі аудармасы қоса тіркелуі тиіс. Аурухана парақтарының көшірмелері қайтарудың растамасы ретінде қабылданбайды.

Авиакомпания ұсынылған медициналық құжаттың шүбәсіздігін тексеруге құқылы.

Алаяқтық фактілері анықталған жағдайда мұндай фактілерге қатысты құжаттар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қылмыстық-әкімшіліктік істерді қозғау үшін Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарына тапсырылатын болады.

Мәжбүрлі түрде қайтару шарасы сканерленген медициналық құжаттарды ұсынумен авиакомпания мамандарымен келісілген болуы тиіс.

Байланысуға арналған деректер:

E-mail:  ,  

Спорттық керек-жарақ пен музыкалық аспаптар экономикалық және премиум-экономикалық қызмет көрсету кластарындағы топтың тарифтері үшін бір орын деп бағаланады және қолжүгін тегін тасымалдау нормасына кіреді.

Егер мұндай қолжүгі тегін тасымалдау нормасынан асып кеткен болса, келесі төлемдер жүргізіледі:

Спорттық керек-жарақ

Нормативтен тыс қолжүгінің категориясы

1 орынның жиынтықталуы

 

Нормативтен тыс стандартсыз қолжүгінің 1-орны

Нормативтен тыс стандартсыз қолжүгінің 1-орны және одан кейінгі орындар

Шаңғы жабдықтары

Бір жұп шаңғы, бір жұп шаңғы таяқтары мен бір жұп бәтеңке салынған қап

5000 ₸

10000 ₸

Сноубордтық жабдықтар

1 сноуборд салынған 1 қап + 1 бәтекңкелер жұбымен 1 қолжүгінің орны  

5000 ₸

10000 ₸

Хоккейлік жабдықтар

Арнайы киім-кешек салынған қолжүгінің (жол дорбасының) 1 орны және және 2 клюшка салынған қолжүгінің (қаптың) 1 орны

5000 ₸

10000 ₸

Гольфке арналған жабдықтар

Бір қапқа салынған гольфке арналған бір жабдық

5000 ₸

10000 ₸

Балық аулау жабдықтары (1 контейнерге немесе қапқа салынған

1 контейнерге (қапқа) салынған балық аулау жабдықтары

5000 ₸

10000 ₸

Музыкалық аспаптар

Музыкалық аспап

Қапқа немесе қаптамаға  салынған аспап

6000 ₸

12000 ₸

Осы кестеде көрсетілмеген басқа спорттық жабдықтар кәдімгі қолжүгі деп бағаланады. Саны бойынша нормадан тысқары болып келетін қолжүгі төлемінің тиісті мөлшерлемесі жолаушы қолжүгінің алып отырған орын саны билетте көрсетілген орын санынан асып кеткен жағдайда қолданылатын болады. Сондай-ақ қосымша төлем жабдықтың өлшемі немесе салмағы қолжүгінің бір орнының өлшем нормаларынан асып кеткен жағдайда төленеді.

Егер жолаушының қолжүгі орын саны бойынша немесе салмағы бойынша қолжүгін тегін тасымалдау нормасынан асып кеткен болса, жолаушыға рейстің ұшып шығуына дейін ақысы төленген, тіркелетін нормативтен тыс қолжүгінің қосымша ақысын төменде көрсетілген тарифтер бойынша төлеу қажет болады:

Рейстің ұшып шығуына дейін кем дегенде 48 сағат бұрын

 

XXS

XS

S

M

L

XL

Броньдау класы

F

V/O/W/X

R/T/U/E/S

L/Q/M/B/K

Y/I/H

N/P/Z

Қолжүгін тегін тасымалдаужың рұқсат етілген нормасы

1 орын 10 кг

1 орын 15 кг

1 орын 23 кг

1 орын 25 кг

1 орын 28 кг

1 орын 32 кг

Бірінші қосымша орын

10 кг-ға дейін

4000 ₸

15 кг-ға дейін

4000 ₸

23 кг-ға дейін

4000 ₸

25 кг-ға дейін

4000 ₸

28 кг-ға дейін

4000 ₸

32 кг-ға дейін

4000 ₸

Екінші және одан кейінгі қосымша орындар

10 кг-ға дейін

5000 ₸

15 кг-ға дейін

5000 ₸

23 кг-ға дейін

5000 ₸

25 кг-ға дейін

5000 ₸

28 кг-ға дейін

5000 ₸

32 кг-ға дейін

5000 ₸

Айрықшалар:

Қолжүгі орнынан салмағы бойынша 10 кг-ға дейін асырылған жағдайда төлем әрбір асырылған килограмм үшін  400 ₸ деген есеппен алынады.

ӘК салонында нормативтен тысқары қолжүгін тасымалдаған жағдайда әрбір қосымша орын үшін 6000 ₸ алынады

Егер габаритсіз қолжүгінің өлшемі қолжүгін тасымалдаудың жарамды нормасынан асып отырған болса (бір орынның өлшемі үш өлшемнің жиынтығында 158 см-ден асып кетсе) ол үшін 4000 ₸ алынады

Ең үлкен өлшем 55 x 40 x 23 см (үш өлшем бойынша жиыны 158 см-ден аспайды)

Рейс ұшып шыққан сәтке дейін кем дегенде 48 сағат бұрын

 

XXS

XS

S

M

L

XL

Броньдау класы

F

V/O/W/X

R/T/U/E/S

L/Q/M/B/K

Y/I/H

N/P/Z

Қолжүгін тегін тасымалдаужың рұқсат етілген нормасы

1 орын 10 кг

1 орын 15 кг

1 орын 23 кг

1 орын 25 кг

1 орын 28 кг

1 орын 32 кг

Бірінші қосымша орын

10 кг-ға дейін

3000 ₸

15 кг-ға дейін

3000 ₸

23 кг-ға дейін

3000 ₸

25 кг-ға дейін

3000 ₸

28 кг-ға дейін

3000 ₸

32 кг-ға дейін

4000 тг

Екінші және одан кейінгі қосымша орындар

10 кг-ға дейін

3000 ₸

15 кг-ға дейін

3000 ₸

23 кг-ға дейін

3000 ₸

25 кг-ға дейін

3000 ₸

28 кг-ға дейін

3000 ₸

32 кг-ға дейін

5000 тг

Айрықшалар:

Қолжүгі орнынан салмағы бойынша 10 кг-ға дейін асырылған жағдайда төлем әрбір асырылған килограмм үшін  300 ₸ деген есеппен алынады.

ӘК салонында нормативтен тысқары қолжүгін тасымалдаған жағдайда әрбір қосымша орын үшін 6000 ₸ алынады

Егер габаритсіз қолжүгінің өлшемі қолжүгін тасымалдаудың жарамды нормасынан асып отырған болса (бір орынның өлшемі үш өлшемнің жиынтығында 158 см-ден асып кетсе) ол үшін 3000 ₸ алынады

Ең үлкен өлшем 55 x 40 x 23 см (үш өлшем бойынша жиыны 158 см-ден аспайды)