Жиі қойылатын сұрақтар

Небары бірнеше рет шертсеңіз болғаны – отырғызу талоны Сіздің қолыңызда болады

www.bekair.aero сайтын немесе BEK AIR қосымшасын пайдаланып, Өз компьютеріңіздің, планшетіңіз немесе смартфоныңыздың көмегімен оңай әрі ыңғайлы тіркеліңіз. Сіздің үйде немесе жолда болғаныңыздың, жолжүкпен немесе онсыз саяхаттауыңыздың маңызы жоқ. Онлайн-тіркеу ұшуға дейін 24 сағат бұрын басталады.

Сіздің артықшылықтарыңыз

  • Ұшуға дейін 24 сағат бұрын басталып, 1 сағат бұрын аяқталады
  • Сіз орынды дербес таңдап, кейінге сақтап қоя аласыз
  • Қол жүгіңізді алып отыруға шығатын орынға тікелей бара аласыз
  • Ыңғайлы әрі жайлы
  • Отырғызу талонын дербес басып шығара аласыз

Техникалық талаптар

Қалқыма терезелерді бұғаттаушыны белсенділіктен айырыңыз. SSL, cookies және JavaScript белсендірілуі тиіс. Бұл кәдімгі өздігінен баптауларға сәйкес келеді. Егер сіз баптауды өзгерткен болсаңыз, оларды белсендіріңіз. Егер Сіз отырғызу талонын басып шығарғыңыз келсе, онда Сізге PDF оқу бағдарламасының өзекті нұсқасы қажет етіледі.

Бұл қалай жұмыс істейді?

Мұнда Сіз тез әрі кезексіз тіркеле аласыз. Онлайн-тіркеу Сізге небары бірнеше қадам арқылы отырғызу талонын алуға көмектеседі.

1 қадам

Тегіңіз бен брондауды нөміріңізді немесе электрондық билет нөміріңізді немесе Өз профиліңізді пайдаланып, www.bekair.aero сайтындағы жүйеге кіріңіз. Содан кейін брондау туралы толық ақпараттан «Онлайн-тіркеу» функциясын таңдаңыз.

2 қадам

Орын таңдаңыз

3 қадам

Паспорт деректерін енгізіңіз

5 қадам

Отырғызу талонын e-mail-ге жолдаңыз немесе басып шығарыңыз

6 қадам

Ұшу алдында жүкті жеке бағанда тапсырыңыз

Кідіру, жоғалу немесе зақымдалу

Келіп түскен соң жолжүктің зақымдалғаны немесе жоғалғаны туралы мүмкіндігінше тезірек хабар беріңіз. Сіз қай жерде болмаңыз, біз Сізге тез әрі артық салғырт әрекеттерсіз табуға көмектесеміз.

Жолжүктің кідіруі

Кейде келіп түскен соң жолжүк табылмай жатады. Көп жағдайда жоғалған жолжүк 24 сағат ішінде табылып, иесіне жеткізіледі. Келесі ережелерді сақтай отырып, Өз жолжүгіңізді іздеуде бізге көмектесіңіз.

Жоғалу туралы тез арада хабарлаңыз

Егер Сіз жолжүктің жоғалғанын анықтасаңыз, онда тез арада жоалу туралы табылған заттар бюросына хабар беріңіз. Әдетте, табылған заттар бюросы келіп түскен әуежайлардағы жолжүк конвейерлерімен қатар тұрады. Тіркеу кезінде өзіңіз алған жолжүк түбіртегін дайын ұстаңыз. Сіз жоғалған чемодан немесе сөмкені  неғұрлым анық сипаттап берсеңіз, іздеу соғұрлым табысты болмақ.

Жожүкті  іздеу бюросы Сізге жолжүктің жоғалғаны туралы өтініш бланкін ұсынады. Осы құжатта көрсетілген анықтамаларға арналған нөмір негізінде Жолжүкті іздеуді бақылау опциясын пайдалана отырып, Сіз жолжүктің жоғалуы туралы Өз өтінішіңіздің мәртебесін қадағалай аласыз.

Жолжүк әлі келген жоқ

Жолжүкті іздеудің алғашқы 5 күні ішінде оған Сіздің жоғалу туралы хабарлаған әуежайыңыз жауапты болады;  әуежай Сіздің барлық сұрақтарыңызға жауап береді.

Егер 3 күн өткен соң сіздің жолжүгіңіз сол күйі табылмаса, онда бізге оның сыртқы түрі  мен ішіндегісін барынша толық түсіндіріп беруіңіз қажет. Бұл үшін жолжүктің жоғалғаны туралы өтініш берген соң 5 күннен кешіктірмей BEK AIR әуекомпаниясының кассасында нысанды толтырыңыз.

Бортта ұмытылып қалған заттар

BEK AIR әуекомпаниясы ұшағының бортында табылған кез келген зат келіп түскен әуежайдың табылған заттар бюросына өткізіліп, ол жерде ең көбі 3 ай сақталады. Мұндай жағдайларда тікелей табылған заттар бюросына жүгініңіз.

Медициналық жабдық

Егер Сіз өзіңізбен бірге жеке медициналық жабдығыңызды алып жүруді жоспарласаңыз, бұл туралы бізге билетті брондау кезінде хабарлаңыз.Кейбір құрылғыларды тасымалдау үшін, техникалық және/немесе медицинаық рұқсат қажет етіледі. Төменде біздің рейстерде барынша жиі пайдаланылатын медициналық жабдық туралы мәліметтер келтірілген.

Жеке мүгедектер арбасы

Сіз өзіңізбен бірге жеке жиналатын мүгедектер арбасын алып жүре аласыз. Бізге оның көлемін, салмағы мен түрін алдын ала хабарлаңыз.

Шығу орнына өзіңіздің мүгедектер арбаңызда (аккумуляторсыз) бару керек. Біздің персонал Сізге отырғызуға және Өз арбаңызды жайғастыруға көмектеседі.

Егер мүмкін болса, біз қонған кезде Сізге Өз арбаңызды қайтарып береміз. Кері жағдайда белгіленген әуежай Сіздің жолжүк беретін орынға дейін жетіп алуыңыз үшін, Сізге мүгедектер арбасын ұсынады.

Тіркелген соң электрлік мүгедектер арбасын пайдалануға тыйым салынады. Сізге оның орнына басқа арба беріліп, біздің персонал Сізді шығу орнына жеткізіп салады.

Мүгедектер арбасы жолжүк бөлімінде тегін тасымалданады.

Ескертпе: Қауіпсіздік мақсатында электр арбаларға келесі ережелер қолданылады. Тіркеу алдында аккумулятор мүгедектер арбасына сенімді етіп бекітілуі тиіс. Кездейсоқ қысқа тұйықталудан қорғау үшін, аккумулятордың клеммалары оқшаулануы тиіс.

Дәрі-дәрмектер

Қол жүгіне арналған қауіпсіздік ережелеріне қарамай, өзіңізбен бірге бортқа сұйық түрдегі дәрі-дәрмектерді, мысалы, диабетке шалдыққандарға арналған препаратты алып жүре аласыз.

Ұшу кезінде бортқа қажетті мөлшерден аспайтын дозаны алып жүре аласыз.

Жағдайға орай, орыс тіліндегі медициналық анықтама пайдалы болуы мүмкін.

Медициналық қолдануға арналған шприцтер

Қолданыстағы қауіпсіздік ережелерінің талаптарына сәйкес, өз жаныңызда медициналық анықтаманы алып жүру ұсынылады.

Отырғызуға шығатын орынға асығуды болдырмауға болады

Біз Сіздің жерде асыққанан гөрі, бұлттарға қарап әсерленуіңізді қалаймыз. Сіз асықпау үшін, Өз рейсіңізге тіркеудің басталуының дәл мерзімдері туралы ақпаратты алдын ала біле аласыз.

Ұшар алдында бір күн бұрын тіркелу

Ұшар алдында бір түн бұрын тіркеліп қойыңыз. Осыған орай Сіз әуежайға ұшатын күні жолжүксіз және асықпай келесіз, есесіне еркін және отырғызу талонымен келесіз. Бұл қызмет BEK AIR әуекомпаниясы орындайтын барлық рейстерде ұсынылады.

Бағанда тіркелу мерзімдері

BEK AIR әуекомпаниясының барлық рейстеріне тіркеу бағандарының ашылу уақыты ұшуға дейін  1 сағат 40 минут бұрын басталып, ұшуға 40 минут қалғанда жабылады. Отыруға уақтылы және күйзеліссіз келу үшін, бағандардың жұмыс істеу уақытын ескеріңіз.

Мұнда Қазақстан бойынша BEK AIR әуекомпаниясының барлық рейстеріне тіркеу мерзімдері келтірілген.

  • Ұшу алдында баған ұшуға 1 сағат және 40 минут қалғанда ашылады
  • Ұшу алдында баған ұшуға 40 минут қалғанда жабылады

Біздің ішкі рейстерімізде Сіз жолжүкті алып жүру нормаларын Өз талаптарыңызға сай оңай бейімдей аласыз. Эконом класста 10 кг жолжүк тасымалдау нормасына ие біздің аса тиімді жол жүру тарифіміз ХXS тарифі мен бір жолжүк орнын тасымалдаудың аса жоғары нормасына ие  тарифіміз XS, S, M, L, XL тарифтерін таңдап алыңыз.

Қол жүгінде орын қалмаған барлық жүкті сіз жолжүкке өткізе аласыз. Өткізілетін жолжүк нормасы орын саны мен салмағы бойынша дәл анықталған. Норма брондалған қызмет көрсту сыныбына және тариф нұсқасына қарай ерекшеленеді.

ТАРИФ ТҮРІ

XXS

XS

S

M

L

XL

БРОНДАУ КЛАССТАРЫ

F

V/O/W/X

R/T/U/E/S

L/Q/M/B/K

Y/I/H

N/P/Z

ҚОЛ ЖҮГІ

салмағы 5 кг дейін жолжүктің 1 орны

салмағы 5 кг дейін жолжүктің 1 орны

салмағы 6 кг дейін жолжүктің 1 орны 

салмағы 7 кг дейін жолжүктің 1 орны

салмағы 8 кг дейін жолжүктің 1 орны

салмағы 10 кг дейін жолжүктің 1 орны

ТІРКЕЛЕТІН ЖОЛЖҮК

10 кг

15 кг

23 кг 25 кг 28 кг 32 кг

Тіркелген жолжүкті тегін алып жүру нормасы

3 өлшем жиынында 158 см аспауы тиіс

Бір жолжүк орны 158 см асатын өлшем жиынына (ені + биіктігі + тереңдігі) ие болмауы тиіс. Егер жүк салмағы мен өлшемі жағынан нормадан асатын болса, бұл жолжүк нормадан жоғары жүк ретінде ақыға тасымалданады.Егер қол жүгін қоса алғанда, жолаушының бүкіл жалпы жүгі 10 кг аспайтын болса, тіркелетін тегін жүк орнының саны шектелмейді.

  • Билетте/жолаушы түбіртегінде тегін тасымалданатын тіркелетін жолжүк орнының саны 1PC/2PC/3PC деп көрсетіледі.
  • Тіркелген жолжүкті тегін алып жүрудің көрсетілген нормалары барлық ұшулар BEK AIR әуекомпаниясының рейстерінде іске асырылған жағдайда, әр тарап бойынша бүкіл бағыт үшін жолжүкті тіркеу пунктінен бастап белгіленген пунктке дейін немесе 24 сағаттан асатын бағытта алғашқы тоқтау пунктіне дейін қолданылады.
  • BEK AIR әуекомпаниясының жолаушысы негізгі жолжүкке қосымша спорт сайманының 1 жиынтығын тегін алып жүре алады:

                - шаңғы таяқшалары бар жұп тау шыңғысы немесе сноуборд

                - қосымша саймандар (бәтеңке, шлем, көзілдірік, арнайы киім)

  • Спорт жабдығы Эконом класс тарифтері үшін жалпы салмағы 23 кг аспайтын тысқапта және Премиум эконом класс үшін 32 кг аспайтын тысқапта тасымалданады. Салмағы 32 кг жоғары тысқапқа ауыр салмақты жолжүк ретінде ақы төленеді. Жолжүк өлшемі 3 өлшем: ұзындығы-ені-биіктігі жиынтығы бойынша 158 см аспауы тиіс.

Қандай жағдайларда ұшуға тыйым салынған?

Сүңгуірлер мен сүңгігіштер. Суға түскеннен соң 24 сағат ішінде ұшуына тыйым салынады. Егер су бетіне көтерілген соң денсаулықпен мәселелер туындаса, дәрігермен кеңескен жөн.

Денсаулық жағдайы Келесу аурулар болған жағдайда ұшуға тыйым салынады:

  • Қатты суық тию немесе жоғары температура
  • Жүрек немесе өкпенің маңызды ауыруы: тыныс алудың қиындауы, жуырда болған инфаркт,тұрақсыз стенокардия, тұрақсыз жүрек жетіспеушілігі немесе пневмоторакс;
  • Жуырда болған инсульт
  • Ауыр дәрежедегі қаназдық
  • Инфекциялық аурулар, мысалы, шешек ауруы
  • Жуырда жасалған операция, әсіресе, іш қуысына және кеуде жасушасына жасалған операция
  • Ауыр жүйке аурулары

Ауру немесе операция. Науқас халде немесе операциядан соң саяхаттауға бола ма?

Ұшуды жоспарлаған кезде, науқастан әлі айықпаған немесе жуық арада операция жасалған адамдарға ерекше сақ болған жөн. Саяхат қатты қалжыратуы мүмкін, сондықтан өзіңізді нашар сезінсеңіз, ұшуды кейінге қалдырған жөн.

Қандай жағдайларда ұшуға тыйым салынғаны туралы ақпаратпен танысыңыз. Сондай-ақ жоспарланған ұшу туралы дәрігермен кеңесуді және Сіздің денсаулық жағдайыңыз ұшақпен саяхаттауға мүмкіндік беретінін білуді табанды түрде ұсынамыз.

Жүктілігі асқынусыз өткен болашақ аналар BEK AIR әуекомпаниясының ұшақтарымен жүктіліктің 36-шы аптасына дейін саяхаттай аласыз, яғни болжалды босану күніне дейін төрт апта қалғанда ұшуды тоқтату қажет. Егер көпұрықты босану күтілсе және жүктілік асқынусыз өтсе, жүкті әйел BEK AIR әуекомпаниясының ұшақтарымен жүктіліктің 32-ші аптасына дейін саяхаттай алады.

Бұл міндетті талап болмаса да, біз жүктілік мерзімі 32 аптадан аспайтын болашақ аналарға өз жанында дәрігерден жүктіліктің асқынусыз өтіп жатқаны және күтілуші босану күні көрсетілген анықтаманы қоса алып жүруді ұсынамыз. Дәрігер пациентке ұшудың қарсы көрсетілмегені туралы көрсетуі тиіс.

Жүкті әйелдер бүкіл жүктілік мерзімі бойында терең көктамыр тромбозының даму қаупіне көп ұшырайды. Сондықтан ұшу кезінде жүкті жолаушыларға қысып тұратын шұлық кию және жеткілікті сұйықтық мөлшерін ішу ұсынылады. Ең жақсысы, қосымша тәуекелдің алдын алу үшін, өз гинекологыңызбен болашақ ұшу жағдайын талқылап алғаныңыз жөн.

Егер Сіз Өз нақты жағдайыңызда Сізге ұшақта саяхаттауға болатынына сенімді болмасаңыз, тікелей жөнелту әуежайының медициналық қызметіне жүгініңіз.

Тыйым салынған немесе шектеулі рұқсат етілген

Белгілі бір заттар мен бұйымдар жолаушыларға қауіп төндіруі мүмкін. Сондықтан оларды қол жүгінде және тапсырылатын жолжүкте тасымалдауға қатаң тыйым салынады немесе шектеулі рұқсат етіледі.

Тасымалдануы шектелген заттар

Белгілі бір заттарды ұшақта шектелген мөлшерде ғана тасымалдауға рұқсат етіледі. Осы заттардың көлемі мен мөлшері нақты шектелген. Рұқсат етілген нормалардан асқан жағдайда, тасымалдауға тыйым салынады.

Медициналық термометр

Бір жолаушыға  1

Медициналық мақсаттағы заттар (аэрозольді қоса алғанда)

Ұшу кезінде қажет етілетін саны

Электрондық темекілер

Қол жүгінде ғана тасымалдауға рұқсат етіледі  (ұшақ бортында пайдалануға тыйым салынған)

Оттықтар/сіріңке қорабы

Өз жанында тасымалдағанда, бір жолаушыға  1

Литийлік-иондық элементтері немесе аккумуляторлары бар тұрмыстық электрондық құрылғылар (ең жоғары қуаттылығы 100 Вт/сағ)

Қол жүгінде ғана

Портативтік электрондық құрылғыларға арналған қосалқы батареялар / аккумуляторлар (қосымша сыртқы аккумуляторлар)

Қосалқы аккумуляторларды қол жүгінде ғана тасымалдауға тыйым салынады.

Қуаттылығы 100 Вт/сағаттан 160 Вт/сағатқа дейінгі аккумуляторлар, ең көбі  2 дана және алдын ала ескертуден соң ғана. Қуаттылығы 160 Вт/сағаттан жоғары аккумуляторларды тасымалдауға тыйым салынған.

Құрғақ мұз

Алдын ала тіркелген соң, бір жолаушыға ең көбі 2,5 кг

Медициналық оттегісі бар баллон

Алдын ала тіркелген соң тапсырылатын жолжүкте ғана тасымалдауға болады, салмағы 5 кг кем баллон

Аккумуляторлық батаеядан қуат алатын мүгедектер креслосы және бортта пайдалану үшін қосымша қозғалыс құралдары

Алдын ала тіркелген соң, қышқыл ағуынан қорғалған/қорғалмаған немесе литий-иондық аккумуляторлары бар

Портативтік оттегі концентраторлары, бортта пайдалануға арналған басқа электрондық медициналық жабдық

Алдын ала тіркелген соң

Жылу бөлетін заттар (су астында жүзуге және дайвингке арналған батареядан қуат алатын шамдар, дәнекерлегіштер)

Алдын ала тіркелген соң қол жүгінде ғана

Ішінде суытылған сұйық азот бар термоқаптамалар

Алдын ала тіркелген соң

Ұшу кезінде Сіздің айырылғыңыз келмейтін заттар бар. Оларды өзіңізбен бірге батыл алып жүріңіз. Есіңізде болсын, белгілі бір заттарға тыйым салынған, ал сұйықтықтарды алып жүру шектелген.

Қол жүгіне қатысты ережелер

Ұшақта қол жүгіне арналған орын шектеулі. Қол жүгін жолжүк сөресінде немесе алдында тұрған креслоның орындығы астына орналастыру қажет. Қауіпсіз және ыңғайлы саяхатты қамтамасз ету үшін, қол жүгінің максималл рұқсат етілген мөлшері мен салмағын сақтаудың маңызы зор.

XXS

XS

S

M

L

XL

F

V/O/W/X

R/T/U/E/S

L/Q/M/B/K

Y/I/H

N/P/Z

орын

1 орын

1 орын

1 орын

1 орын

1 орын

5 кг

5 кг

6 кг

7 кг

8 кг

10 кг

Өлшемдері макс. 55 x 40 x 23 см (үш өлшем жиынында 115 см аспауы тиіс)

Сондай-ақ өлшемі 57 x 54 x 15 см аспайтын жиналмалы портплед те қол жүгі болып саналады. Кестеде көрсетілгеннен өлшемдері асатын жолжүк тіркелуі тиіс.

Қосымша рұқсат етілген заттар

Алып жүруге рұқсат етілген қол жүгіне қосымша ретте жеке орын алатын ересектер мен балалар өздерімен бірге бортқа келесі заттарды алып жүре алады:

  • Әйелдер сөмкесі, ноутбук салынған сөемке немесе иыққа асылатын, мөлшері 40 x 30 x 10 см аспайтын сөмке
  • Бір жұп балдақ, қол немесе аяққа арналған шина, басқа протездер
  • Медициналық жабдық