Біздің ұшақтар

Fokker-100 — F-28-4000 жолаушы ұшағының негізінде Fokker голландық фирмасы әзірлеген орташа магистралды жолаушы ұшағы. 
«100» индексіне ие модельді әзірлеу компания нарық сұранысын бағалаған және ұзақтығы 3100 шақырымға дейін ұшатын 100 орындық ұшақ жасау қажеттігі туралы қорытындыға келген кезде 1983 ж. соңында басталды.   Фирма ұқсас лайнерлермен салыстырғанда отын шығынын едәуір төмендетуге қол жеткізу мақсатын қойды. Нәтижесінде сәтті шыққан Fokker-100 пайда болды, ол алғашында Голландияда, сосын 1989 ж. АҚШ-да сертификатталды, ұшақ 1986 жылы әуеге көтерілді.  Дәл осы Fokker-100-дің нарықта сыйымдылығы бойынша 737-100 және  737-200 ұшақтары арасындағы орынды беру көзделген  100 орындық Boeing 737-250 ұшағының «алдын орап кеткенін» атап өткен қызықты. Бірақ «Боинг» фирмасы бұл модельді әзірлеуді тоқтату туралы шешім қабылдады, оған американдық авиакомпаниялар  Pacific Southwest және  USAir-дің Fokker-100 компаниясының пайдасына таңдау жасауы себеп болды.