Назар аударыныздар!

Қайтару және айырбастау шарттары

Сапарға арнап ресімделген құжаттарға (электронды билеттерге) кез келген өзгертулер енгізудің шарттары, с.і. қайтару немесе айырбастау шарттары сол қызмет көрсетуге қатысты тарифті қолдану ережелерімен, әуе компаниясымен жасасқан авиатасымалдау туралы оферта-келісімшартымен, ҚР Әуе кодексімен, сондай-ақ ҚР басқа да заңнамалық актілерімен реттеліп отырады және олар бойынша Тапсырыс берушіге айыппұл салу шаралары ескеріліп отыруы мүмкін.
Тарифтерді қолдану ережелерімен пайдаланушы броньдау сұхбатын өту барысында танысып шыға алады.

Тасымалдаушы Тапсырыс берушіден электронды билеттерді броньдау және ресімдеу үшін, сондай-ақ бұрын ресімделген билетті айырбастау немесе қайтарып алғаны үшін қосымша сервистік алымдар алып отыруға құқылы. Агенттіктің сервистік алымы тапсырыстың бағасына енгізіледі және билеттер қайтарылып немесе айырбасталған жағдайда өтеуге жатпайды.

Егер ақысы төленген қызмет көрсетудің ақысын қайтарып беру қажеттігі туындайтын болса, компания қайтарып беру процесін оны тапсырыс берушімен келісіп алғаннан кейін бастамалайды. Бастамалаудан кейінгі ақшалай құралдардың қайтарылу процесі төлемдік жүйенің жұмыс ережелеріне сәйкес 2-4 аптаға дейін уақыт алуы мүмкін. 
 

Авибилет қайтарылған жағдайда, Сізді авиабилетті қайтаруға мәжбүр еткен жағдайларға қарай қайтару 

  • мәжбүрлі деп;
  • ерікті деп бағаланады.

Назар аударыңыз!

Агенттердің кассаларында, сондай-ақ Әуе компаниясының сайтында ресімдеуге қолжетімді, ең төмен тарифтер бойынша сатылатын әуебилеттер ді ерікті түрде қайтарып алуға және/немесе ерікті түрде айырбастауға тыйым салынуы мүмкін. Тарифтерді қолдану шарттарымен алдын-ала танысып шығыңыз.
Қайтарылмайтын тарифтер туралы маңызды ақпарат:

  • Ең төмен тарифтер бойынша сатып алынған әуебилеттер  қайтарылмау шарттарын қамтып немесе қайтарылмайтын болуы мүмкін.

Қайтару келесі жағдайларда мәжбүрлі деп саналатын болады:

  • Авибилетте көрсетілген рейстің күші жойылып немесе кешіккен жағдайда;
  • Әуекомпаниясы тасымалдау бағытын өзгерткен жағдайда;
  • Рейс кестеден тыс түрде орындалған жағдайда;
  • Кесте бойынша рейсті орындап отырған әуе кемесінің ұшып шығу әуежайына қайтып оралуы;
  • Тасымалдау құжаттарына сәйкес, жолаушының немесе онымен бірге әуе кемесімен ұшатын оның отбасы мүшесінің немесе жақын туысының (жұбайы, ата-анасы, балалар (сонымен қатар, асырап алған балалар, жақын туыстары – атасы, әжесі және немерелері)) кенеттен науқастануы, бұл жағдай медициналық құжаттармен расталады, немесе оның отбасы мүшесінің немесе жақын туысының қайтыс болуы, бұл құжат арқылы расталады, бұл туралы тасымалдаушыға жолаушылардың билетте көрсетілген рейспен ұшу уақыты басталған сәтке дейін хабарланады.

Медициналық көрсетілімдер бойынша мәжбүрлі түрде қайтару.

Медициналық себептермен мәжбүрлі түрде қайтарған жағдайда жолаушының тасымалдаудан мәжбүрлі түрде бас тартуын растайтын құжатқа ұсынылған келесі медициналық құжаттардың бірі жатады: 

  • Медициналық мекемемен берілген анықтаманың түпнұсқасы; 
  • Әуежайдың медициналық бекетінен берілген анықтаманың түпнұсқасы (әуежайдың сигналдық парақшасы); 
  • еңбекке жарамсыздық парақшасының көшірмесі.
  • науқастану тарихынан үзіндінің түпнұсқасы; 
  • ауруханадан шығару тұжырымының түпнұсқасы; 
  • жедел жәрдемді шақырту журналынан үзіндінің түпнұсқасы.

Медициналық құжаттарды ресімдеуге қойылатын талаптар.

Медициналық мекеме анықтамасының түпнұсқасы үшін: 

  1. Сол мекеме деректемелерінің оқылатын таңбасы бар мөрдің болуы («анықтамалар үшін» мөрі); 
  2. Медициналық құжатты берген мекеме мөрінің болуы, оның таңбасында мед. мекеменің толық атауы болуы тиіс; 
  3. Құжатты берген тұлғаның лауазымы мен тегі анық көрінетіндей болуы тиіс; 
  4. Құжатты берген тұлғаның қолтаңбасының болуы; 
  5. Медициналық құжаттың берілген күнінің болуы; 
  6. Медициналық құжатта көрсетілген ауырған күндерінің тасымалдау күндеріне сәйкес келуі. Сәйкес келмеген жағдайда қорытындыда "көрсетілген күндері әуе көлігімен ұшу ұсынылмайд" деп көрсетілуі тиіс. 
  7. Құжатта аурудың/жарақаттың атауы көрсетілуі мүмкін немесе ауру деп анықталатын диагноздың болуы (кейінгісі - құпталады, алайда міндетті шарт болып табылмайды). Аурухана парағына арнап ауруды көрсету қажет етілмейді. 
  8. Құжатта дәрігердің (емдеуші немесе бас дәрігердің) жеке мөрінің болуы.

Әуежайдағы медицина бекеті анықтамасының түпнұсқасы үшін: 

  1. Медициналық құжатта осы құжатты берген медицина бекетінің атауының болуы; 
  1. Медицина бекетінің мөрінің болуы; 
  2. Құжатты берген тұлғаның анық оқылатын лауазымы мен тегі; 
  3. Құжатты берген тұлғаның қолтаңбасының болуы; 
  4. Медициналық құжаттың берілген күнінің болуы; 
  5. Медициналық құжатта көрсетілген науқастану күнінің тасымалдау күніне сәйкес келуі.

Броньдау кезінде жиі жіберіліп отыратын қателіктер

Әуе компаниясы ұшудың алдында түбіртек-бағдарды жолаушының жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген деректерге сай болуына қатысты мұқият тексеріп отыруды ұсынады.

Авибилетте мыналарды көрсеткен маңызды:

  • Тегі мен есімін дұрыс тәртіппен (мысалы, Иванов Иван/Ivanov Ivan); есімі мен тегінің басқы әріптері;
  • Төлқұжаттың немесе жеке басын куәландыратын басқа құжаттың нөмірі;

Мынаған ерекше көңіл бөліңіз!

  • Егер Сіз авибилетті ресімдеуден кейін тегіңізді өзгерткен болсаңыз (тұрмысқа шығу, ажырасу және т.б.), авиабилетті қайтарып және жаңа төлқұжаттық деректерімен басқа авиабилетті ресімдеу қажет болады.
  • Авиабилет оны басқа жолаушының атына арнап қайта ресімдеуге келмейді!

Ақшаны қайтару

Ақшалай қаражаттар жеке тұлғаның өз қолымен толтырылған қайтару туралы жазбаша арызы бойынша қайтарылады.
Қайтарылуы тиіс сома Күн мен уақытқа қатысты тарифті қолдану шарттарына сәйкес есептеледі.

Мәжбүрлі түрде қайтарылған жағдайда жолаушыға оның таңдап алған тарифіне байланыссыз түрде төлеген қаражаты түгелдей қайтарылады. 
Маңызды: Тапсырыстың ақысын төлеу кезінде алынатын төлемдік жүйелердің комиссиялары қайтаруға жатпайды. 

Авиабилетті айырбастау

Егер әуебилеттер ді айырбастау (саяхаттың күнін өзгерту) қажеттігі туындаған болса, Сізге біздің менеджерлерімізге хабарласу арқылы керек рейстерде орындардың болу-болмауы туралы, авитасымалдаушының ұстап қалулары мен айыппұлдарының мөлшері туралы ақпаратты, сондай-ақ авибилеттерді айырбастау үшін ықтимал қосып төлеу әдістерінің нысандары жайлы алдын-ала біліп алу керек.

Авибилеттерді қайтару немесе айырбастау шаралары туралы толығырақ ақпаратты Сіз біздің менеджерлерімізден келесі телефондар арқылы біле аласыз: 8 (727) 35-45-000, 8 (727) 395-82-42
Қажетті қызмет көрсету туралы хатыңызды мына электронды мекенжайға (e-mail) жолдауыңызды сұраймыз: